Әдістемелік кеңес
- 276mektep1
- Dec 12, 2019
- 1 min read
«Білімнен қуатты күш жоқ, біліммен қаруланған адам жеңілмейді» Максим Горький Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №276 орта мектепте ағымдағы жылдың 10 желтоқсанда әдістемелік кеңес болып өтті. Кеңестің күн тәртібінде қаралған мәселелері: 1.Орта, білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Аскарова Алима түсіндірме жұмыстарын жас мамандармен бірлесе талқылады. 2. 8-9 класс оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру жұмыстары туралы Алшоразова Айдана айтып өтті. Қазіргі таңда білімді өмірмен ұштастыра отырып балалар, өрнектер құрастыру және оны шешу үшін логикалық есептерге көп мән берілгендігі туралы түсіндірді. 3. Тәлімгер мұғалімдердің жас мамандармен атқарған жұмыстары туралы Досанова Айгүл мен Есеркепова Бақыткүл есеп берді. Бастауыш сыныптар арасында Досанова Айгүлді жас маман Кемалладин Назкенге, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Есіркепова Бақыткүл жас маман Хайруллина Гүлдинаға жетекші ретінде оқу жылының басында бекітілген болатын. Жас мамандарға бекітілген жетекшілер жұмыс жоспарлары мен атқарылған жұмыстары туралы айтып өтті. Жұмыс барысында жетекші – жас маман арасындағы өзара сабаққа ену жұмыстары туралы талқыланды. Әдістемелік кеңестің мақсаты жас мамандар және мұғалімдерді нормативтік құжаттармен таныстыру және жүргізіліп жатқан өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірмелі жұмыстар жүргізу. Білім беру мазмұнын болашақ ұрпаққа айқын жеткізу үшін, ұстаздар өз білімімен қарулы болу керек.
Comentários