Ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін фойедегі теледидар караокесі
- 276mektep1
- Dec 18, 2022
- 1 min read
21.04.2022жыл №276 орта мектептің педагог-психологы Алтынай Кундуллаева ұжымдағы мұғалімдерге үлкен үзілісте сергіту мақсатында әуенді үзіліс жүргізді.Әуенді үзіліс барысында мұғалімдер Қазақ халқының мақтанышы Ұлы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін фойедегі теледидар караокесі арқылы шырқады.Әуен шырқалып болған соң мұғалімдерге ақынның қара сөздері таратылды. Абайдың қара сөздерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі.Мұғалімдер арасында қара сөздер үзінділеріне байланысты ой қозғау жасалды.

Comments