top of page

        2018 жылдың тамыз айында Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязовтың қатысуымен жаңа білім ордасының кілті табысталды және 1қыркүйек «Білім күніне» орай  аудан әкімі М Ергешбаев пен аудандық білім бөлімі басшысы Б.Қалидің қатысуымен  «Сыңғырла күміс  қоңырау» атты салтанатты жиын болып, жаңа мектебіміз есігін жаңа оқу жылына айқара ашты. Білім ордасының ашылуына орай облыс әкімі 1 интерактивті тақта, аудан басшысы 1 интерактивті тақта, аудандық білім бөлімі 3 интерактивті тақтаны сыйға тартып, мектебіміз 5 интерактивті тақтаға толықты. 

    Жыл басында 1-11 класстар аралығында 326 оқушы, оның 119 қыз бала, МАД тобына 60 бала (23 қыз) қабылданса,  І оқу тоқсанында 27 оқушы келіп, 4 оқушы мектептен басқа мектепке, атап айтсақ  2 аудан мектебіне 1 республика көлеміне 1 ЗПР класына ауысты. Қазіргі таңда, 1-11 класс аралығында 289 оқушы білім алуда, оның 131 қыз,  МАД тобына 6 бала кетіп, 2 бала келді. Қазір МАД тобында 56 тәрбиеленуші отыр.

Мектептің оқу-әдістемелік кеңесі жанынан жаңартылған білім мазмұны бойынша І-ІІІ деңгей оқыған мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу мақсатында  “Сенім көкжиегі” атты қауымдастық құрылды. Мектеп жанынан 5  әдістемелік бірлестік құрылды. Тілдер бірлестігі – қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдер жанынан құрылды. Бірлестік жетекшісі Асқарова Алима. Жаратылыстану бірлестігі – математика, физика, химия,биология пән мұғалімдері.Бірлестік жетекшісі Ережепова Зәуре. Көркем еңбек және өнер бірлестігі. – денешынықтыру, технология, музыка пәндері мұғалімдері. Бірлестік жетекшісі – Әбдіғаппар Жасұлан. Бастауыш білім беру бірлестігі – бастауыш білім беру мұғалімдерінен құралған. Бірлестік жетекшісі – Сүлейменова Гулмира. Гуманитарлық бірлестік – тарих және география пәндері мұғалімдері. Бірлестік жетекшісі – Жамет Алдияр.Бірлестік жетекшілері сайланысып, бірлестік жұмыстарының жоспарлары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

        Оқу ісінің меңгерушісі Б.Орымбастың біліктілік арттыру курсының практикалық жұмысы негізінде үстіміздегі жылдың қараша айында ашық сабақтар және “Тиімді сабақты қалай ұйымдастыруға болады?”,“Саралап оқытудың жолдары”атты мұғалімдер арасында коучингтер өтіліп, тәжірибесімен бөлісті.  «Мұғалімдер тәжірибесіндегі зерттеу» тақырыбында тренерлік біліктілік арттыру курсынан өтіп келген мектептің мұғалімі Алшоразова Айдана «мектепішілік біліктілікті арттыру курсын» 2018жылдың 13-қарашасынан бастап 80 академиялық сағаттық біліктілік арттыру курсын бастап кетті. Қазіргі таңда аталған  курсқа мектебіміздің 14 мұғалімін қатыстырып жатырмыз. Курс жалғасу үстінде.

      Қазіргі таңда азғандай ғұмырлы мектебімізде жетістіктерде аз емес. Аудандық деңгейді өткізілген шараларға белсене қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Оған дәлел,  Аудандық   “Үздік сындарлы сабақ-2018”  байқауында Тұяқбаева Нұргүл  жүлделі ІІ орын  иеленді. Аудандық «үздік сабақ орыс тілі мұғалімі 2018»- Асқарова Алима жүлделі ІІ орын иеленді.Аудандық “Ән тұмарым” атты әншілер байқауында Өтегенов Кеңшілік дипломмен марапатталды.Аудандық «Адал және сатылмайтын еңбек үлгісі» үздік сурет байқауының ІІІ орын иемденген Болсын Аян. Жетекшісі: Арзы Аян.

Мектебіміз спорт саласы бойынша алдыңғы орындарға шығып, биіктіктерден көрініп келеді.Сыр елінің бас қаласы Қызылорданың 200 жылдығына орай ұстаздар мерекесіне арналған білім қызметкерлері арасында өткізілген «Сергектік» эстафеталық жарысында № 276 орта мектеп командасы жүлделі 1 орын жеңіп алды.

Е.С Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейіне 10 жыл толуына орай аудандық қызметкерлер арасында кіші футболдан өткізілген жарыста «Үздік ойыншы» бағамымен Жұбатқан Нұркен марапатталып, № 276 орта мектеп командасы 3-орынға ие болды.

«Қызылорда қаласының 200  жылдығы» мен қазалы ауданының 90 жылдығы  мерекесіне орай волейболдан қыздар арасында өткізілген жарыста мектебіміз алғыс хатпен марапатталды.

        «Қызылорда қаласының 200 жылдығы» мерекесіне орай 2006-2008 жылы туылған қыз балалар арасында футболдан аудандық мектеп аралық командалық жарыста жүлделі 1-орын иемденсе, «Үздік жаттықтырушы» бағамымен Әбдіжаппар Жасұлан марапатталды. «Қазалы спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 5 жылдығына орай баскетболдан 2004-2005 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында аудандық командалық жарыста №276 орта мектеп командасы 2 орын жеңіп алды. Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі және “Жас орда” жастар қоғамдық бірлестігінің Ұйымдастыруымен «Қызылорда қаласының 200 жылдығы» мерекесіне орай Баскетболдан қыздар арасында өткізілген жарыста ІІІ орын иемденді .Өтеген Балымбетовты еске алуға арналған гандболдан 2006-2007 жылдары туылған қыз балалар арасындағы аудандық ашық турнирде №276орта мектеп командасы 3 орын иеленді.

Мектебімізде мектепшілік шаралар да ұйымдастырылып тұрады.  Қазан айында “Қарты бар үйдің – қазынасы бар” тақырыбында ардагер ұстаздар шақырылып, оқушылармен кездесу өтті. Ұстаздар күніне орай “Қалдырған ізің мәңгілік”  атты мұғалімдер арасында салтанатты кеш өтті.  Күзгі каникул күндері 2-4 сыныптар арасында мектепшілік «Толағай» сайысы,1-11 сынып аралығында мектепшілік “Күзгі балл-2018”  сайысы өткізілді. Мектеп аудандық гүлдер мерекесінде «Үздік аула гүлдері» номинациясымен марапатталды.

Жаңа білім ордасының кітапханасының кітап қорын ұлғайту мақсатында  “Кітап-асыл қазынам” атты акция ұйымдастырылды. Акцияга белсенділікпен атсалысқан жандар да аз болмады. Акцияның жабылуына орай  акцияға атсалысқан азаматтармен «Кітап-асыл қазынам» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесуге  тәрбие тағылымы жөніндегі зерттеуші және сонымен қатар бірнеше кітаптың авторы Алтынбаев Шарафадин мырза қатысып, «Кітап оқудың құндылығы» туралы ой-толғанысымен бөлісіп, 100 дана көркем әдеби кітаптарын сыйға тартты.  Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің әдіскері Сәрсенбаева Жанат апай өз үлесін қосып,  300 дана әдеби кітаптарды мектеп кітапханасына табыстады.. Қазалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі коммуналдық мекемесінің меңгерушісі Ембергенова Наушан ханым,. Қалалық мәдениет бөлімі кітапханасының меңгерушісі Мырзалиева Толқын және №165 мектептің кітапхана меңгерушілері №276 орта мектепке көркем әдебиет қорына мол үлес қосып, әрқайсы 50 дана әдеби кітаптарды сыйға тартты.Акция аясында кітапханада кітап қорымыз қазіргі таңда 1500 дана оқулық пен әдеби көркем шығармалардың 1000-ға жуық қоры жинақталды.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ministrlik.jpg
unnamed.png
news-image-def_3_22.png
Без названия (1).jpg
400_300_1514073856-mailru.png
12369064_1541300982860183_17217637368344

© 2019  "№276 орта мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.  Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті.

  • Facebook Социальной Иконка
  • Instagram Social Иконка
©№276 ОРТА МЕКТЕП
bottom of page