Ұлт ұстазы, тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлының туған күні
- 276mektep1
- Sep 25, 2019
- 1 min read
Әйтеке би кентіндегі№276 орта мектепте Ұлт ұстазы, тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынұлының туған күніне орай, Қазақстан Республикасында «Тіл туралы Заңның» қабылданғанына 22 жыл толуын , Тілдер мерекесін атап өту мақсатында «Тіл мерейі – ел мерейі» атты апталық болып өтті. Апталық аясында ашық сабақтар, түрлі танымдық шаралар, сайыс сабақтар өтілді. Атап айтар болсақ, апталық ашылуында 5-8-сынып оқушылары ана тіліміз туралы жырлар оқып, ағартушы, ғалым А.Байтұрсынұлының да қазақ әліпбиінің негізін салудағы ерен еңбегін айтып өтті. Сонымен қатар, бірлестік жетекшісі А.Асқарова, ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Бақытжанқызы ашық сабақтар өткізсе, Орыс тілі пәні мұғалімдері Қ.Ақбаев пен Н.Тұяқбаева Ұлт көсемінің туған күніне орай «Сын великой степи» тақырыбында кіріктірілген сабақ өтті. Ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Әбдіраш 7-сынып оқушыларына «English World», қазақ тілі пәні мұғалімі Б.Есіркепова 10-11-сынып оқушылары арасында «Тіл – барлық білімнің кілті» тақырыбында сайыс сабақтар ұйымдастырды. Э.Өмірзақ 6-9-сынып оқушыларымен «Қазақ тіл білімінің негізін салушы, әдебиеттанушы – А.Байтұрсынұлы» айдарымен танымдық кеш өткізсе, бастауыш сынып мұғалімдері апталықтың соңғы күнінде бастауыш сынып оқушыларын қамтып, салтанатты жиын өткізді. Апталыққа қатысып, өз білімдерін көрсеткен шәкірттер түрлі деңгейдегі «Мадақтамалармен» марапатталды.
Comments