top of page

«Үздік орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі -2018»

Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №170 мектеп базасында ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні «Үздік орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі -2018» облыстық байқаудың аудандық іріктеу кезеңі ұйымдастырылды. Мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін анықтау, педагогикалық қызметте инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу, орыс тілінің шығармашыл мұғалімдерін анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған байқауға 19 мұғалім ұсыныс білдіріп өз деңгейлерін ортаға салды. Байқауға қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін сараптау үшін №16, №24, №249 мектептердің жоғары санатты орыс тілі пәнінің мұғалімдері Райкүл Ернияз, Қазанбай Ғалия және Гүлмира Ақбаева сараптап әділ шешім шығарды. Байқау нәтижесі бойынша І орынды №249 мектеп-лицейдің мұғалімі Жайшылықова Ақгүл, ІІ орынды №276 мектеп мұғалімі Асқарова Алима, ІІІ орынды №16 мектеп-лицейдің мұғалімі Жумагулова Улдай өзара бөлісті. Облыстық кезеңге жолдама алған Жайшылықова Ақгүлге сәттілік тілеп, байқаудан топ жарып шығуына тілектестік білдіреміз.



 
 
 

Comentarios


ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ministrlik.jpg
unnamed.png
news-image-def_3_22.png
Без названия (1).jpg
400_300_1514073856-mailru.png
12369064_1541300982860183_17217637368344

© 2019  "№276 орта мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.  Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті.

  • Facebook Социальной Иконка
  • Instagram Social Иконка
©№276 ОРТА МЕКТЕП
bottom of page