top of page

«Тәуелсізік- ел мұраты»атты мерекелік кеш

11- желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 28 жыл толу қарсаңына орай «Тәуелсізік- ел мұраты»атты мерекелік кеш өтті. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз,себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата бабаларымыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.Іс шараның мақсаты Саналы ұрпақты Отанын,жерін,елінс сүюге,ата заңын құрметтеуге тәрбиелеу.Кешіміз 1 «б» сынып оқушыларының «Қазақтың баласымын »атты әнімен басталды. Құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Жұмашев Мейрамбек ағайымыз сөз сөйледі. 9 «А»сыныбы оқушылары Қолодасбай Ақерке «Егемен Қазақстан»әнімен, Көпжан Жайнаның «Күн дидарлы Қазақстан»атты әндері орындалды.Сонымен қатар сынып оқушылары би билеп,көркем сөздер, «Тәуелсіздік- киелі ұғым»баяндамасы оқылды.Тәуелсіздікті алу жолында тұлғалардың еткен еңбектері туралы,Тәуелсіздікті алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз бен даму сатысы туралы ауыл тұрғындарының айтқан пікірлері бейнежазбалар арқылы көрсетілді. Тәуелсіздік жолында құрбан болған жандардың оқиғалары көрініс арқылы көрсетілді.Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі деп Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын ниетпен кешімізді «Атамекен»әнімен қорытындыладық.



 
 
 

Comments


ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ministrlik.jpg
unnamed.png
news-image-def_3_22.png
Без названия (1).jpg
400_300_1514073856-mailru.png
12369064_1541300982860183_17217637368344

© 2019  "№276 орта мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.  Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті.

  • Facebook Социальной Иконка
  • Instagram Social Иконка
©№276 ОРТА МЕКТЕП
bottom of page