top of page

«Жарқын елдің шамшырағы –жас маман» атты аудандық семинар

2019 жылдың 13 сәуірінде №276 орта мектепте аудандық білім бөлімінің кәсіподақ кәмитетінің төрағасы Раман Әбілқасым мен мектеп әкімшілігінің қолдауымен «Жастар жылы» аясында жас мамандарды жаңашылдыққа баулу мақсатында №276 орта мектептің кітапханашысы Әбдраманова Ләтифа мен мектептің жастар ұйымы «Жарқын елдің шамшырағы –жас маман» атты аудандық семинар өткізді. Семинар 2 бөлімнен тұрды. 1-бөлім бойынша «Жас маман –әдебиет айнасында» пікір алмасуға шақырды. Пікір алмасуға ауданымыздың ардагер ұстаздары, аудандық білім бөлімінің кәсіподақ кәмитетінің төрағасы Раман Әбілқасым, аудандық білім бөлімінің инспекторы қалышова Жазира, аудан мектептерінің кітапханашылары мен жас мамандары қатысып, ойларын ортаға салды. 2-бөлім бойынша «Айналмалы бекет» әдісімен жүргізілді. 1-бекет «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы неде?» тақырыбында коучинг өткізілсе, 2-бекет ««Жаңашыл ұстаз- заман талабы»атты IT- тренинг, 3-бекет «Міне, қызық»атты ток-шоу болып өтті. Әр бекетке аудан мектептерінің жас мамандары қатысып, тәжірибе алмастық. Семинардың қорытындысы бойынша мектебіміздің тәжірибесімен бөліскен жас мамандарымыз аудандық білім бөлімінің кәсіподақ кәмитетінің алғыс хаттармен марапатталды. Семинарға қатысқан аудан мектептерінің жас мамандарына алғысымыз шексіз.

 
 
 

Comentários


ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ministrlik.jpg
unnamed.png
news-image-def_3_22.png
Без названия (1).jpg
400_300_1514073856-mailru.png
12369064_1541300982860183_17217637368344

© 2019  "№276 орта мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.  Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті.

  • Facebook Социальной Иконка
  • Instagram Social Иконка
©№276 ОРТА МЕКТЕП
bottom of page