Гандболдан жарыс
- 276mektep1
- Sep 14, 2019
- 1 min read
Қыркүйек айының 4-8 жұлдызында Жаңақорған ауданында гандболдан🤾🏻♀ (қыздар арасында) облыстық біріншілік болып өтті. Бұл жарысқа 2006-2007 жылғы балалар мен жасөспірімдер басқа аудандардан келіп қатысқан болатын. Соның ішінен өздерінің күш жігерін қайрап, Қазалы ауданы, #276 мектеп 🏫 жүлделі 2⃣орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар үздік ойыншы номинациясы бойынша 8 сынып оқушылары Еркінқызы Әсел, Асқар Аяулым марапатталды.💐 Алдағы уақытта аудан оқушылары Қазақстан республикасының чемпионатына тыңғылықты дайындалып, аудан мәртебесін биікке көтереді деген сенім білдіреміз. Барлық қатысқан оқушыларды, мектеп ұжымын жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз.👏🏻 Алар асулары биік болғай🙏🏻
Commentaires