top of page

Әлеуметтік-психологиялық қызметі

 

Қызмет  мақсаты:

     •   Педагогикалық ұжымның және оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау;
     •   Оқушылардың өмірге деген қызығушылығын арттыруға  және олардың әлеуметтендірген тұлға ретінде қалыптасуына ат салысу;
     •   Уақытында психолгиялық көмек көрсету;
     •   Оқу мемлекеттік тілде жүргізілетін сыныптарда эксперименттік негізінде «Психология» пәнін жүргізуді қабылдау.


Қызмет міндеті:

  1. Балалардың психологиялық денсаулығын сақтау және көңіл- күйдің бұзылуын ескерту, қалыптасу кезеңінде оқушыларға қолдау көрсету;

  2. Девиантты мінез- құлықтағы оқушыларға психологиялық түзетулер жүргізу;

  3. Дамуында ауытқулар байқалған балалармен жұмыс. Диагностика, түзету;

  4. Мұғалімдер мен оқушылардың арасында оқуда қарым-қатынасын дамыту, топтық бірлікті дамыту және қарым-қатынасты үйрету;

  5. Жоғарғы сыныпта өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтауға психологиялық дайындығын қалыптастыру;

  6. Эксперименттік негізде оқу мемлекеттік тілде жүргізілетін сыныптарда «Психология» пәнінің жүргізілуін бақылау.

«Бала  тәрбиелеудегі ата-аналарға арналған психологиялық кеңес»

      

 

        Қай елде, қай кезде болмасын,  бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі  ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.

Мен  алғы сөзімді шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым

келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген

білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.

Осыған  байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіздер, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде,немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз,тіпті тілдеп те жібересіз.Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.  Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ

түріңіз:

1. Таңертен

(не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің

биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.

Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.

Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;

7. Бала бірдеңеге қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге

Баланы қатыстырмаңыз;

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірлену талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз.Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11.«Егер,сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып әңгімелесіп тұрыңыз.

13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14.Егер балаңы айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманынан  кеңес алуларыңызға болады.

 

 Әрі қарай сіздерге   «Бала   мүсіні»   көрініс ұсынамын

    Психолог сөзі:  баланың  роліне  ата-аналардың  бірін шақырамын.Қатысушыларға әр топтан  көрініс  кезінде  айтылатын тыим сөздерді естерінде сақтап, орамалмен  байлап тұру тапсырылады.

      Менің кішкентай  қызым  бірінші  сыныпта  оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз,автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш,бәрін білгісі кеп тұрады,тіпті автобусқа  асығып  келе жатқанда да көп сұрақтар қояды.Мен қызымның қолынан алдым да,жүгіре  жөнелдік.

  • Мама,анау не,қарашы!-деді қызым.

  • Уақыт жоқ,аяғыңның астына қара,сүрінесің де  жүресің!Неге жан-жағыңа  алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым  сөздерді  тура мғынасында  түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз  әрі қарай  мектепке асығып кетіп барамыз.Автобусқа мініп,мен онда өзімнің құрбымды  кездестірдім.Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық.Қызым мұхият  тыңдап, содан соң былай деді.

  • Мама,мама,құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім?-деді.

  • Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне  жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой,үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ  ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын  байлаймыз)

Біз а втобустан  түсіп, жолмен жүгіріп келеміз.Мен кешігіп қаламыз ба деп қайта-қайта сағатыма қарап келемін.

Бүгін қандай күн,тамаша болады!Мама мен Малика күтіп отырған шығар,мен оған фантик әкелемін  дегенмін,анау ше….. –деді.

  • Қойшы! Не былшылдап кеттің ,уақыт жоқ,онсызда кешігіп келеміз.Осы сен үндемей жүре алмайсың ба? ТЕЗ АУЗЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен  аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда,әрі қарай жылжыдық.Қызым үндемей келеді,бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім.

  • Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен.Таста дедім мен саған. ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ! (орамалмен  қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп, аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып,оған айқайладым.

  • Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді қой! ТҮЗУ ТҰР! (орамалмен аяқтарын  байлаймыз) Мен сағатыма қарап,кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.

  • Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек,жүруді де ұмытып қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты,я дұрыс жаза алмайды, я дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара,сүрінбей,соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы!Неғып үндемей қалдың,мен сенімен сөйлесіп  тұрмынғой керең  неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан сайын даусымды көтеріп  айқайлады.

  • Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған.Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын. ЖЫЛАМА! (осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп,әрі қарай  қызымды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім. Яғни мен оның бала екенін және оған  менің көмегім керек екенін ұмытып, оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.

Ата-аналардың  ой пікірлерін  тыңдау

  • Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?

  • Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?

  • Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ministrlik.jpg
unnamed.png
news-image-def_3_22.png
Без названия (1).jpg
400_300_1514073856-mailru.png
12369064_1541300982860183_17217637368344

© 2019  "№276 орта мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Барлық құқықтар қорғалған және сақталған.  Сайттан мәлімет қолданған жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті.

  • Facebook Социальной Иконка
  • Instagram Social Иконка
©№276 ОРТА МЕКТЕП
bottom of page